بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَـٰنِ ٱلرَّحِيمِ
وَيْلٌ لِّلْمُطَفِّفِينَ ﴿١﴾
83:1 Өлшеу,тартуда кеміткендерге нендей өкініш!
ٱلَّذِينَ إِذَا ٱكْتَالُوا۟ عَلَى ٱلنَّاسِ يَسْتَوْفُونَ ﴿٢﴾
83:2 Олар қашан өлшеп алса,толық өлшеп алады да;
وَإِذَا كَالُوهُمْ أَو وَّزَنُوهُمْ يُخْسِرُونَ ﴿٣﴾
83:3 Қашан олар,өлшеп немесе тартып беретін болса; кемітеді.
أَلَا يَظُنُّ أُو۟لَـٰٓئِكَ أَنَّهُم مَّبْعُوثُونَ ﴿٤﴾
83:4 Олар қайта тірілетіндіктерін ойламай ма?
لِيَوْمٍ عَظِيمٍ ﴿٥﴾
83:5 Ол зор күн үшін ;
يَوْمَ يَقُومُ ٱلنَّاسُ لِرَبِّ ٱلْعَـٰلَمِينَ ﴿٦﴾
83:6 Ол күні адамдар,бүкіл әлменің Раббының алдында тұрады.
كَلَّآ إِنَّ كِتَـٰبَ ٱلْفُجَّارِ لَفِى سِجِّينٍ ﴿٧﴾
83:7 Олай емес. Негізінен бұзықтардың дәптері төменгі орында болады.
وَمَآ أَدْرَىٰكَ مَا سِجِّينٌ ﴿٨﴾
83:8 Төменгі орынның не екенін қайдан білесің?
كِتَـٰبٌ مَّرْقُومٌ ﴿٩﴾
83:9 Ол жазулы бір кітап.
وَيْلٌ يَوْمَئِذٍ لِّلْمُكَذِّبِينَ ﴿١٠﴾
83:10 Ол күні,жасынға шығарушыларға нендей өкініш!
ٱلَّذِينَ يُكَذِّبُونَ بِيَوْمِ ٱلدِّينِ ﴿١١﴾
83:11 Олар,сондай қиямет күнін өтіріксінгендер.
وَمَا يُكَذِّبُ بِهِۦٓ إِلَّا كُلُّ مُعْتَدٍ أَثِيمٍ ﴿١٢﴾
83:12 Оны,шектен шыққан,күнәкар өтіріксінеді.
إِذَا تُتْلَىٰ عَلَيْهِ ءَايَـٰتُنَا قَالَ أَسَـٰطِيرُ ٱلْأَوَّلِينَ ﴿١٣﴾
83:13 Қашан оған аяттарымыз оқылса: ''Бұрынғылардың ертегісі'' деді.
كَلَّا ۖ بَلْ ۜ رَانَ عَلَىٰ قُلُوبِهِم مَّا كَانُوا۟ يَكْسِبُونَ ﴿١٤﴾
83:14 Жоқ,бәкім олардың жүректерін істеген қылықтарының таты басты.
كَلَّآ إِنَّهُمْ عَن رَّبِّهِمْ يَوْمَئِذٍ لَّمَحْجُوبُونَ ﴿١٥﴾
83:15 Жоқ,олай емес. Негізінде олар ол күні Раббыларының дидарыннан махрұм қалады.
ثُمَّ إِنَّهُمْ لَصَالُوا۟ ٱلْجَحِيمِ ﴿١٦﴾
83:16 Сосын олар,әлбетте тозаққа кіреді.
ثُمَّ يُقَالُ هَـٰذَا ٱلَّذِى كُنتُم بِهِۦ تُكَذِّبُونَ ﴿١٧﴾
83:17 Сосын: ''Міне сендердің өтірік дегендерің осы!'', -деліндеді.
كَلَّآ إِنَّ كِتَـٰبَ ٱلْأَبْرَارِ لَفِى عِلِّيِّينَ ﴿١٨﴾
83:18 Жоқ, олай емес. Негізінен ізгілердің дәптері әрине жоғарғы орында болады.
وَمَآ أَدْرَىٰكَ مَا عِلِّيُّونَ ﴿١٩﴾
83:19 Жоғарғы орынның не екенін қайдан білесің?
كِتَـٰبٌ مَّرْقُومٌ ﴿٢٠﴾
83:20 Ол жазулы бір кітап.
يَشْهَدُهُ ٱلْمُقَرَّبُونَ ﴿٢١﴾
83:21 Оны,Аллаға жақын періштелер бақылайды.
إِنَّ ٱلْأَبْرَارَ لَفِى نَعِيمٍ ﴿٢٢﴾
83:22 Негізінен ізгілер,әрине нығымет ішінде болады.
عَلَى ٱلْأَرَآئِكِ يَنظُرُونَ ﴿٢٣﴾
83:23 Олар диувандардың үстінде (Алланың нығыметтеріне) қарайды.
تَعْرِفُ فِى وُجُوهِهِمْ نَضْرَةَ ٱلنَّعِيمِ ﴿٢٤﴾
83:24 Олардың бақытқа бөленгендіктерін шырайларынан таныйсың.
يُسْقَوْنَ مِن رَّحِيقٍ مَّخْتُومٍ ﴿٢٥﴾
83:25 Олар,мөрленген ішімдіктен сусындатылады.
خِتَـٰمُهُۥ مِسْكٌ ۚ وَفِى ذَٰلِكَ فَلْيَتَنَافَسِ ٱلْمُتَنَـٰفِسُونَ ﴿٢٦﴾
83:26 Оның сарқыны жұпар аңқиды.Жарысушылар,осыған жарыссын.
وَمِزَاجُهُۥ مِن تَسْنِيمٍ ﴿٢٧﴾
83:27 Оның қоры, Тәсним бастауынан.
عَيْنًا يَشْرَبُ بِهَا ٱلْمُقَرَّبُونَ ﴿٢٨﴾
83:28 Ол бастаудан Аллаға жақын болғандар ішеді.
إِنَّ ٱلَّذِينَ أَجْرَمُوا۟ كَانُوا۟ مِنَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ يَضْحَكُونَ ﴿٢٩﴾
83:29 Расында күнәкарлар,иман келтіргендерге күлетін еді.
وَإِذَا مَرُّوا۟ بِهِمْ يَتَغَامَزُونَ ﴿٣٠﴾
83:30 Олар жандарынан өткенде,ымдасатын еді.
وَإِذَا ٱنقَلَبُوٓا۟ إِلَىٰٓ أَهْلِهِمُ ٱنقَلَبُوا۟ فَكِهِينَ ﴿٣١﴾
83:31 Олар үйлеріне қайтып барған кезде,күңкілдесетін еді.
وَإِذَا رَأَوْهُمْ قَالُوٓا۟ إِنَّ هَـٰٓؤُلَآءِ لَضَآلُّونَ ﴿٣٢﴾
83:32 Қашан олар Мұсылмандарды көрсе : «Сөз жоқ, адасқандар » дейтін еді.
وَمَآ أُرْسِلُوا۟ عَلَيْهِمْ حَـٰفِظِينَ ﴿٣٣﴾
83:33 Олар,Мұсылмандарға бақылаушы етіліп жіберілмеді.
فَٱلْيَوْمَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ مِنَ ٱلْكُفَّارِ يَضْحَكُونَ ﴿٣٤﴾
83:34 Ал енді бүгін мүміндер.кәпірлерге күледі.
عَلَى ٱلْأَرَآئِكِ يَنظُرُونَ ﴿٣٥﴾
83:35 Олар тақтардың үстінде қарайды;
هَلْ ثُوِّبَ ٱلْكُفَّارُ مَا كَانُوا۟ يَفْعَلُونَ ﴿٣٦﴾
83:36 «Кәпірлер,істегендерінің пайдасын көрді ме?»