QuranQuiz bySALSABIL STUDIO
Open the appOpen app

سورة الصافات

Surah As-Saffat in Kazakh

182 ayat · Meccan · Surah 37 of 114

🌐 Translation: Қазақша

Englishالعربية (بلا ترجمة)اردوBahasa IndonesiaBahasa MelayuTürkçeFrançaisDeutschEspañolPortuguêsItalianoNederlandsРусскийفارسیবাংলাहिन्दीSoomaaliKiswahiliHausaShqipBosanskiAzərbaycancaOʻzbekcha中文日本語한국어ภาษาไทยTiếng ViệtTagalogپښتوPolskiSvenskaNorskSuomiČeštinaRomânăБългарскиУкраїнськаעבריתதமிழ்മലയാളംతెలుగుमराठीગુજરાતીनेपालीසිංහලঅসমীয়াسنڌيدریKurdîދިވެހިئۇيغۇرچەአማርኛAfaan OromooYorùbáKinyarwandaBamanankanChiyaoTamaziɣtMëranawТоҷикӣҚазақшаТатарчаភាសាខ្មែរEnglish (Abdel Haleem)

Translation: Khalifa Altay

بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَـٰنِ ٱلرَّحِيمِ

وَٱلصَّـٰٓفَّـٰتِ صَفًّا ﴿١﴾

37:1 Сап-сап тұрушы (періштелерге) серт,

فَٱلزَّٰجِرَٰتِ زَجْرًا ﴿٢﴾

37:2 Айдаған сайын айдаушы (періштелерге) серт,

فَٱلتَّـٰلِيَـٰتِ ذِكْرًا ﴿٣﴾

37:3 Үгіт оқушы (періштелерге) серт. (Алладан басқамен ант ету дүрыс емес. Бірақ, Алла тарапынан басқаға ант етілуі; ант еткен нәрселерде; ант етілген нәрселерге куәлік бар деген ұғымды береді. Т-Қ)

إِنَّ إِلَـٰهَكُمْ لَوَٰحِدٌ ﴿٤﴾

37:4 Тәңірлерің біреу.

رَّبُّ ٱلسَّمَـٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ وَمَا بَيْنَهُمَا وَرَبُّ ٱلْمَشَـٰرِقِ ﴿٥﴾

37:5 Көктер мен жердің әрі араларындағылардың және шығыс жақтардың Раббы. (С. 40-А.)

إِنَّا زَيَّنَّا ٱلسَّمَآءَ ٱلدُّنْيَا بِزِينَةٍ ٱلْكَوَاكِبِ ﴿٦﴾

37:6 Рас дүние көгін жұлдыздармен безедік.

وَحِفْظًا مِّن كُلِّ شَيْطَـٰنٍ مَّارِدٍ ﴿٧﴾

37:7 Бүкіл шектен шыққан шайтаннан қорғадық.

لَّا يَسَّمَّعُونَ إِلَى ٱلْمَلَإِ ٱلْأَعْلَىٰ وَيُقْذَفُونَ مِن كُلِّ جَانِبٍ ﴿٨﴾

37:8 Олар, жоғарғы әлемді тыңдай алмайды. Олар, әр тараптан атылады.

دُحُورًا ۖ وَلَهُمْ عَذَابٌ وَاصِبٌ ﴿٩﴾

37:9 Қуылған түрде олар үшін ұдайы азап бар.

إِلَّا مَنْ خَطِفَ ٱلْخَطْفَةَ فَأَتْبَعَهُۥ شِهَابٌ ثَاقِبٌ ﴿١٠﴾

37:10 Алайда әлде біреу бір сөз ұрлайтын болса, оны өткір бір жалын қуалайды.

فَٱسْتَفْتِهِمْ أَهُمْ أَشَدُّ خَلْقًا أَم مَّنْ خَلَقْنَآ ۚ إِنَّا خَلَقْنَـٰهُم مِّن طِينٍ لَّازِبٍۭ ﴿١١﴾

37:11 Енді олардан сұра: "Оларды жарату қиын ба? Басқа жаратқандарымыз қиын ба? Шын мәнінде оларды (адам баласын) бір жабысқақ балшықтан жараттық.

بَلْ عَجِبْتَ وَيَسْخَرُونَ ﴿١٢﴾

37:12 (Мұхаммед Ғ.С.) Әрине (Бұл жаратылысқа) таңырқадың, олар мазақтайды.

وَإِذَا ذُكِّرُوا۟ لَا يَذْكُرُونَ ﴿١٣﴾

37:13 Қашан оларға ескертілсе де олар ескермейді.

وَإِذَا رَأَوْا۟ ءَايَةً يَسْتَسْخِرُونَ ﴿١٤﴾

37:14 Бір мұгжиза көрсе, олар тәлкек қылады.

وَقَالُوٓا۟ إِنْ هَـٰذَآ إِلَّا سِحْرٌ مُّبِينٌ ﴿١٥﴾

37:15 "Бұл мүлде ашық жады" деседі.

أَءِذَا مِتْنَا وَكُنَّا تُرَابًا وَعِظَـٰمًا أَءِنَّا لَمَبْعُوثُونَ ﴿١٦﴾

37:16 "Біз өліп топырақ және сүйектер болган кезде, рас тірілтілеміз бе?"

أَوَءَابَآؤُنَا ٱلْأَوَّلُونَ ﴿١٧﴾

37:17 "Әуелгі аталарымыз да ма?",- дер.

قُلْ نَعَمْ وَأَنتُمْ دَٰخِرُونَ ﴿١٨﴾

37:18 "Әуелгі аталарымыз да ма?",- дер. ( "Әрине сендер кор боп тірілесіңдер" де.

فَإِنَّمَا هِىَ زَجْرَةٌ وَٰحِدَةٌ فَإِذَا هُمْ يَنظُرُونَ ﴿١٩﴾

37:19 Шын мәнінде ол бір үрейлі дауыс. Сонда олар қарап қалады.

وَقَالُوا۟ يَـٰوَيْلَنَا هَـٰذَا يَوْمُ ٱلدِّينِ ﴿٢٠﴾

37:20 "Әттеген-ай! Бұл есеп күні екен ғой!",- деседі.

هَـٰذَا يَوْمُ ٱلْفَصْلِ ٱلَّذِى كُنتُم بِهِۦ تُكَذِّبُونَ ﴿٢١﴾

37:21 "Бұл сендер жасынға шығарған билік күні!"

۞ ٱحْشُرُوا۟ ٱلَّذِينَ ظَلَمُوا۟ وَأَزْوَٰجَهُمْ وَمَا كَانُوا۟ يَعْبُدُونَ ﴿٢٢﴾

37:22 "Жинаңдар! Ол залымдардьі да сыбайластарын да олардың табынғандарын да:"

مِن دُونِ ٱللَّهِ فَٱهْدُوهُمْ إِلَىٰ صِرَٰطِ ٱلْجَحِيمِ ﴿٢٣﴾

37:23 "Алладан өзге. Оларға тозақтың жолын көрсетіңдер;"

وَقِفُوهُمْ ۖ إِنَّهُم مَّسْـُٔولُونَ ﴿٢٤﴾

37:24 "Оларды тоқтатыңдар. Өйткені олар сұраққа тартылады" (делінеді.)

مَا لَكُمْ لَا تَنَاصَرُونَ ﴿٢٥﴾

37:25 Оларға: "Бір-бірлеріңе неге болыспайсыңдар?",- (делінеді.)

بَلْ هُمُ ٱلْيَوْمَ مُسْتَسْلِمُونَ ﴿٢٦﴾

37:26 Әрине бүгін олар еріксіз бой ұсынғандар.

وَأَقْبَلَ بَعْضُهُمْ عَلَىٰ بَعْضٍ يَتَسَآءَلُونَ ﴿٢٧﴾

37:27 Олар бір-біріне қарсы сұрақ қойысады.

قَالُوٓا۟ إِنَّكُمْ كُنتُمْ تَأْتُونَنَا عَنِ ٱلْيَمِينِ ﴿٢٨﴾

37:28 (Олар бастықтарына): "Сендер бізге оң жақтан келуші едіңдер" дейді.

قَالُوا۟ بَل لَّمْ تَكُونُوا۟ مُؤْمِنِينَ ﴿٢٩﴾

37:29 Олар: "Олай емес, өздерің сенбеуші едіңдер" дейді.

وَمَا كَانَ لَنَا عَلَيْكُم مِّن سُلْطَـٰنٍۭ ۖ بَلْ كُنتُمْ قَوْمًا طَـٰغِينَ ﴿٣٠﴾

37:30 "Өйткені, сендерге бір өктемдігіміз жоқ еді. Әрине өздерің азғын ел едіңдер."

فَحَقَّ عَلَيْنَا قَوْلُ رَبِّنَآ ۖ إِنَّا لَذَآئِقُونَ ﴿٣١﴾

37:31 "Раббымыздың бізге деген сөзі шынға шықты. Біз расында дәмін татамыз."

فَأَغْوَيْنَـٰكُمْ إِنَّا كُنَّا غَـٰوِينَ ﴿٣٢﴾

37:32 "Сонда сендерді аздырған едік. Рас өзіміз де азғын едік."

فَإِنَّهُمْ يَوْمَئِذٍ فِى ٱلْعَذَابِ مُشْتَرِكُونَ ﴿٣٣﴾

37:33 Ал рас сол күні, олар азапқа ортақ болады.

إِنَّا كَذَٰلِكَ نَفْعَلُ بِٱلْمُجْرِمِينَ ﴿٣٤﴾

37:34 Сөз жоқ, Күнәкарларға солайша істейміз.

إِنَّهُمْ كَانُوٓا۟ إِذَا قِيلَ لَهُمْ لَآ إِلَـٰهَ إِلَّا ٱللَّهُ يَسْتَكْبِرُونَ ﴿٣٥﴾

37:35 Расында оларға: "Алладан басқа ешбір тәңір жоқ" делінген кезде, менменсіген еді.

وَيَقُولُونَ أَئِنَّا لَتَارِكُوٓا۟ ءَالِهَتِنَا لِشَاعِرٍ مَّجْنُونٍۭ ﴿٣٦﴾

37:36 Олар: "Жынды бір ақын үшін рас тәңірлерімізді тастайық па,- десті.

بَلْ جَآءَ بِٱلْحَقِّ وَصَدَّقَ ٱلْمُرْسَلِينَ ﴿٣٧﴾

37:37 Әрине ол, шындықты әкелген әрі елшілерді мойындаған еді.

إِنَّكُمْ لَذَآئِقُوا۟ ٱلْعَذَابِ ٱلْأَلِيمِ ﴿٣٨﴾

37:38 Сөз жоқ, сендер күйзелтуші азапты татасыңдар.

وَمَا تُجْزَوْنَ إِلَّا مَا كُنتُمْ تَعْمَلُونَ ﴿٣٩﴾

37:39 Сендер істегендеріңнің ғана сазайын тартасыңдар.

إِلَّا عِبَادَ ٱللَّهِ ٱلْمُخْلَصِينَ ﴿٤٠﴾

37:40 Бірақ Алланың ықыласты құлдары бір сәрі.

أُو۟لَـٰٓئِكَ لَهُمْ رِزْقٌ مَّعْلُومٌ ﴿٤١﴾

37:41 Міне бұлар үшін белгілі бір несібе бар.

فَوَٰكِهُ ۖ وَهُم مُّكْرَمُونَ ﴿٤٢﴾

37:42 (Түрлі) жемістер де. Олар құрметке бөленеді:

فِى جَنَّـٰتِ ٱلنَّعِيمِ ﴿٤٣﴾

37:43 Нығымет бақшаларында,

عَلَىٰ سُرُرٍ مُّتَقَـٰبِلِينَ ﴿٤٤﴾

37:44 Дивандардың үстінде ерсілі-қарсылы болады.

يُطَافُ عَلَيْهِم بِكَأْسٍ مِّن مَّعِينٍۭ ﴿٤٥﴾

37:45 Оларға қайнаған көзден кәселер айналдырыла ұсынылады.

بَيْضَآءَ لَذَّةٍ لِّلشَّـٰرِبِينَ ﴿٤٦﴾

37:46 Ішушілер үшін аппақ, тәтті.

لَا فِيهَا غَوْلٌ وَلَا هُمْ عَنْهَا يُنزَفُونَ ﴿٤٧﴾

37:47 Ол бас ауыртпайды да әрі мас қылмайды.

وَعِندَهُمْ قَـٰصِرَٰتُ ٱلطَّرْفِ عِينٌ ﴿٤٨﴾

37:48 Олардың қасында телмірген ботакөздер бар.

كَأَنَّهُنَّ بَيْضٌ مَّكْنُونٌ ﴿٤٩﴾

37:49 Рас олар жарылмаған жұмыртқадай.

فَأَقْبَلَ بَعْضُهُمْ عَلَىٰ بَعْضٍ يَتَسَآءَلُونَ ﴿٥٠﴾

37:50 Олар қарама-қарсы отырып, сұрасады.

قَالَ قَآئِلٌ مِّنْهُمْ إِنِّى كَانَ لِى قَرِينٌ ﴿٥١﴾

37:51 Олардан бір айтушы: "Расында бір ағайыным бар еді" дейді.

يَقُولُ أَءِنَّكَ لَمِنَ ٱلْمُصَدِّقِينَ ﴿٥٢﴾

37:52 (Ол, маған): "Шын-ақ растаушылардансың ба?',- дейді.

أَءِذَا مِتْنَا وَكُنَّا تُرَابًا وَعِظَـٰمًا أَءِنَّا لَمَدِينُونَ ﴿٥٣﴾

37:53 "Өліп, топырақ және сүйек болсақ та жазаландырыламыз ба?"

قَالَ هَلْ أَنتُم مُّطَّلِعُونَ ﴿٥٤﴾

37:54 (деп қасындағыларға): "Оны көргілерің келе ме?",- дейді.

فَٱطَّلَعَ فَرَءَاهُ فِى سَوَآءِ ٱلْجَحِيمِ ﴿٥٥﴾

37:55 Сонда өзі қарап оны тозақтың ортасында көреді де:

قَالَ تَٱللَّهِ إِن كِدتَّ لَتُرْدِينِ ﴿٥٦﴾

37:56 "Аллаға ант етемін! Мені де жоқ ете жаздадың" дейді.

وَلَوْلَا نِعْمَةُ رَبِّى لَكُنتُ مِنَ ٱلْمُحْضَرِينَ ﴿٥٧﴾

37:57 "Егер Раббымның игілігі болмаса еді, әрине иен де тозаққа келтірілгендерден болар едім."

أَفَمَا نَحْنُ بِمَيِّتِينَ ﴿٥٨﴾

37:58 "Біз өлмейміз бе?"

إِلَّا مَوْتَتَنَا ٱلْأُولَىٰ وَمَا نَحْنُ بِمُعَذَّبِينَ ﴿٥٩﴾

37:59 "Алғашқы өліміміз ғана. Біз азапқа да душар болмайыз."

إِنَّ هَـٰذَا لَهُوَ ٱلْفَوْزُ ٱلْعَظِيمُ ﴿٦٠﴾

37:60 Сөз жоқ, Бұл (жаннат) ірі қол жетушілік. (Бұл сөздерді жаннаттықтар айтады. Ж.Б.М.К.)

لِمِثْلِ هَـٰذَا فَلْيَعْمَلِ ٱلْعَـٰمِلُونَ ﴿٦١﴾

37:61 Ғамал қылуға тиісті.

أَذَٰلِكَ خَيْرٌ نُّزُلًا أَمْ شَجَرَةُ ٱلزَّقُّومِ ﴿٦٢﴾

37:62 Осы қонақ асы жақсы ма? Не заққұм ағашы жақсы ма? (Заққұм; тозақтықтарға берілетін улы, сасық бір ағаш түрі. Сөздік Әлмауарит.)

إِنَّا جَعَلْنَـٰهَا فِتْنَةً لِّلظَّـٰلِمِينَ ﴿٦٣﴾

37:63 Рас заққұм ағашын залымдарға сұмдық қылдық.

إِنَّهَا شَجَرَةٌ تَخْرُجُ فِىٓ أَصْلِ ٱلْجَحِيمِ ﴿٦٤﴾

37:64 Рас ол, тозақтың түбінде шығатын бір ағаш.

طَلْعُهَا كَأَنَّهُۥ رُءُوسُ ٱلشَّيَـٰطِينِ ﴿٦٥﴾

37:65 Оның қауашақтары, шайтандардың бастары сияқты. (Өте жаман бейнеде деген ұғымда. Б.Ж.М.К.Р.)

فَإِنَّهُمْ لَـَٔاكِلُونَ مِنْهَا فَمَالِـُٔونَ مِنْهَا ٱلْبُطُونَ ﴿٦٦﴾

37:66 Сондай-ақ олардан жеп, қарындарын толтырады.

ثُمَّ إِنَّ لَهُمْ عَلَيْهَا لَشَوْبًا مِّنْ حَمِيمٍ ﴿٦٧﴾

37:67 Сосын оларға қайнап тұрған судан сусын беріледі.

ثُمَّ إِنَّ مَرْجِعَهُمْ لَإِلَى ٱلْجَحِيمِ ﴿٦٨﴾

37:68 Сосын олардың қайтар жерлері әлбетте тозақ болады.

إِنَّهُمْ أَلْفَوْا۟ ءَابَآءَهُمْ ضَآلِّينَ ﴿٦٩﴾

37:69 Рас олар, аталарын адасқан түрде тапқан болатын.

فَهُمْ عَلَىٰٓ ءَاثَـٰرِهِمْ يُهْرَعُونَ ﴿٧٠﴾

37:70 Сонда олар, аталарының ізінше жүгіре берді.

وَلَقَدْ ضَلَّ قَبْلَهُمْ أَكْثَرُ ٱلْأَوَّلِينَ ﴿٧١﴾

37:71 Олардан бұрын, алғашқылардың көбі адасқан еді.

وَلَقَدْ أَرْسَلْنَا فِيهِم مُّنذِرِينَ ﴿٧٢﴾

37:72 Расында олардың ішіне де ескертуші жіберген едік.

فَٱنظُرْ كَيْفَ كَانَ عَـٰقِبَةُ ٱلْمُنذَرِينَ ﴿٧٣﴾

37:73 Ескертілгендердің соңының не болғанын бір көр!

إِلَّا عِبَادَ ٱللَّهِ ٱلْمُخْلَصِينَ ﴿٧٤﴾

37:74 Бірақ Алланың ықыласты құлдары басқа.

وَلَقَدْ نَادَىٰنَا نُوحٌ فَلَنِعْمَ ٱلْمُجِيبُونَ ﴿٧٥﴾

37:75 Расында Нұх (Ғ.С.) Бізге жалбарынды. Біз нендей жақсы қабылдаушымыз!

وَنَجَّيْنَـٰهُ وَأَهْلَهُۥ مِنَ ٱلْكَرْبِ ٱلْعَظِيمِ ﴿٧٦﴾

37:76 Оны да семьясын да зор қиыншылықтан құтқардық.

وَجَعَلْنَا ذُرِّيَّتَهُۥ هُمُ ٱلْبَاقِينَ ﴿٧٧﴾

37:77 Нұх (Ғ.С.) тың үрпақтарын қалдырдық. (Жалғасты түрде өрбіттік.)

وَتَرَكْنَا عَلَيْهِ فِى ٱلْـَٔاخِرِينَ ﴿٧٨﴾

37:78 Оны кейінгілерге дәріптеттік.

سَلَـٰمٌ عَلَىٰ نُوحٍ فِى ٱلْعَـٰلَمِينَ ﴿٧٩﴾

37:79 Нұх (Ғ.С.) қа бүкіл әлемнен сәлем болсын.

إِنَّا كَذَٰلِكَ نَجْزِى ٱلْمُحْسِنِينَ ﴿٨٠﴾

37:80 Рас Біз, ізгі іс істеушілерді өстіп сыйлыққа бөлейміз.

إِنَّهُۥ مِنْ عِبَادِنَا ٱلْمُؤْمِنِينَ ﴿٨١﴾

37:81 Өйткені ол, сенуші құлдарымыздан.

ثُمَّ أَغْرَقْنَا ٱلْـَٔاخَرِينَ ﴿٨٢﴾

37:82 Сосын басқаларын суға батырдық.

۞ وَإِنَّ مِن شِيعَتِهِۦ لَإِبْرَٰهِيمَ ﴿٨٣﴾

37:83 Күдіксіз Ыбырайым (Ғ.С.) де Нұх (Ғ.С.) тың даңғыл жолында.

إِذْ جَآءَ رَبَّهُۥ بِقَلْبٍ سَلِيمٍ ﴿٨٤﴾

37:84 Өйткені, Ыбырайым (Ғ.С.) Раббына, ынталы жүрекпен келген еді.

إِذْ قَالَ لِأَبِيهِ وَقَوْمِهِۦ مَاذَا تَعْبُدُونَ ﴿٨٥﴾

37:85 Сол уақытта әкесіне де еліне де: "Нелерге табынасыңдар?",- деді.

أَئِفْكًا ءَالِهَةً دُونَ ٱللَّهِ تُرِيدُونَ ﴿٨٦﴾

37:86 "Алладан өзге етірік тәңірлер қалайсыңдар ма?"

فَمَا ظَنُّكُم بِرَبِّ ٱلْعَـٰلَمِينَ ﴿٨٧﴾

37:87 "Әлемнің Раббына байланысты не ойларың бар?"

فَنَظَرَ نَظْرَةً فِى ٱلنُّجُومِ ﴿٨٨﴾

37:88 Сонда Ыбырайым (Ғ.С.) жұлдыз жаққа назар аударып:

فَقَالَ إِنِّى سَقِيمٌ ﴿٨٩﴾

37:89 "Мен науқаспын" деді.

فَتَوَلَّوْا۟ عَنْهُ مُدْبِرِينَ ﴿٩٠﴾

37:90 Сонда ел одан бтрұлған бойда кете берді.

فَرَاغَ إِلَىٰٓ ءَالِهَتِهِمْ فَقَالَ أَلَا تَأْكُلُونَ ﴿٩١﴾

37:91 (Ыбырайым Ғ.С.) олардың тәңірлерінің жанына оңаша барып: "Жемейсіңдер ме?- деді.

مَا لَكُمْ لَا تَنطِقُونَ ﴿٩٢﴾

37:92 "Неге сөйлемейсіңдер?"

فَرَاغَ عَلَيْهِمْ ضَرْبًۢا بِٱلْيَمِينِ ﴿٩٣﴾

37:93 Сонда аңдып барын, оң қолымен ұрды.

فَأَقْبَلُوٓا۟ إِلَيْهِ يَزِفُّونَ ﴿٩٤﴾

37:94 Олар, оған жүгірісіп келді.

قَالَ أَتَعْبُدُونَ مَا تَنْحِتُونَ ﴿٩٥﴾

37:95 "(Қолмен) жонып, алғандарыңа шоқынасыңдар ма?",- деді.

وَٱللَّهُ خَلَقَكُمْ وَمَا تَعْمَلُونَ ﴿٩٦﴾

37:96 "Алла сендерді де жасаған нәрселеріңді де жаратты."

قَالُوا۟ ٱبْنُوا۟ لَهُۥ بُنْيَـٰنًا فَأَلْقُوهُ فِى ٱلْجَحِيمِ ﴿٩٧﴾

37:97 Олар: "Ол үшін бір бина жасап, оны отқа тастап жіберіңдер" десті.

فَأَرَادُوا۟ بِهِۦ كَيْدًا فَجَعَلْنَـٰهُمُ ٱلْأَسْفَلِينَ ﴿٩٨﴾

37:98 Сонда олар оған бір айлакерлік жасауды ойлады да оларды төмендетіп жібердік.

وَقَالَ إِنِّى ذَاهِبٌ إِلَىٰ رَبِّى سَيَهْدِينِ ﴿٩٩﴾

37:99 (Ыбырайш* Ғ.С.): "Раббым жаққа кетемін. Ол, маған жол көрсетеді" деді.

رَبِّ هَبْ لِى مِنَ ٱلصَّـٰلِحِينَ ﴿١٠٠﴾

37:100 "Раббым, маған жақсысынан бір ұл бер!"

فَبَشَّرْنَـٰهُ بِغُلَـٰمٍ حَلِيمٍ ﴿١٠١﴾

37:101 Оны өте мұлайым бір ұлмен қуанттық.

فَلَمَّا بَلَغَ مَعَهُ ٱلسَّعْىَ قَالَ يَـٰبُنَىَّ إِنِّىٓ أَرَىٰ فِى ٱلْمَنَامِ أَنِّىٓ أَذْبَحُكَ فَٱنظُرْ مَاذَا تَرَىٰ ۚ قَالَ يَـٰٓأَبَتِ ٱفْعَلْ مَا تُؤْمَرُ ۖ سَتَجِدُنِىٓ إِن شَآءَ ٱللَّهُ مِنَ ٱلصَّـٰبِرِينَ ﴿١٠٢﴾

37:102 Ұлы (Ысмайыл) өзімен бірге жүруге жеткен кезде: "Балақайым! Сені түсімде бауыздағанымды көремін; назар аудар, көзқарасың не?",- деда. Ол: "Әй әкетайым! Өзіңе не әмір етілсе, оны орында. Алла қаласа, мені сабырлылардан табарсың" деді.

فَلَمَّآ أَسْلَمَا وَتَلَّهُۥ لِلْجَبِينِ ﴿١٠٣﴾

37:103 (Ыбырайым Ғ.С. құрбан айының ші күні; баласын құрбан шалатын бір түс көріп, күдіктенгендіктен: "Таруя"; күдікгі күн деп, 9-шы күні; және қайта көріп, рас деп танығандықтан: Ғарифа"; тану күні деп, 10-шы күні және көріп, құрбан шалғандықтан: "Нахыр" деп аталады. Б.М.) Сөйтіп екеуі де ұнап, әкесі оны маңдайының үстіне жатқызады. (Құдыретше бауыздаған бышақ кеспеді. Ж.М.)

وَنَـٰدَيْنَـٰهُ أَن يَـٰٓإِبْرَٰهِيمُ ﴿١٠٤﴾

37:104 Біз, оған: "Әй Ыбырайым,- деп, дабыстадық:

قَدْ صَدَّقْتَ ٱلرُّءْيَآ ۚ إِنَّا كَذَٰلِكَ نَجْزِى ٱلْمُحْسِنِينَ ﴿١٠٥﴾

37:105 "Рас түсінді шынға шығардың. Күдіксіз ізгі іс істегендерді осылайша сынаймыз" (дедік.)

إِنَّ هَـٰذَا لَهُوَ ٱلْبَلَـٰٓؤُا۟ ٱلْمُبِينُ ﴿١٠٦﴾

37:106 Шын мәнінде бұл бір ашық сынау еді.

وَفَدَيْنَـٰهُ بِذِبْحٍ عَظِيمٍ ﴿١٠٧﴾

37:107 Оны ірі бір құрбандыққа ауыстырдық. (Құдыретше бір құрбандық қошқар беріледі. Б.Ж.М.К.)

وَتَرَكْنَا عَلَيْهِ فِى ٱلْـَٔاخِرِينَ ﴿١٠٨﴾

37:108 Кейінгі нәсілдерде, оған (жақсы даңқ) қалдырдық.

سَلَـٰمٌ عَلَىٰٓ إِبْرَٰهِيمَ ﴿١٠٩﴾

37:109 Ыбырайым (Ғ.С) ға сәлем.

كَذَٰلِكَ نَجْزِى ٱلْمُحْسِنِينَ ﴿١١٠﴾

37:110 Рас, ізгі істер істеушілерді осылайша сыйлыққа бөлейміз.

إِنَّهُۥ مِنْ عِبَادِنَا ٱلْمُؤْمِنِينَ ﴿١١١﴾

37:111 Өйткені ол, сенген құлдарымыздан еді.

وَبَشَّرْنَـٰهُ بِإِسْحَـٰقَ نَبِيًّا مِّنَ ٱلصَّـٰلِحِينَ ﴿١١٢﴾

37:112 Оны пайғамбарлардың ізгілерінен; Ысхақпен шүйіншіледік.

وَبَـٰرَكْنَا عَلَيْهِ وَعَلَىٰٓ إِسْحَـٰقَ ۚ وَمِن ذُرِّيَّتِهِمَا مُحْسِنٌ وَظَالِمٌ لِّنَفْسِهِۦ مُبِينٌ ﴿١١٣﴾

37:113 Өзіне де Ысхақ (Ғ.С) қа да береке бердік. Сондай-ақ екеуінің ұрпақтарынан жақсы болғандар да өздеріне ашық зұлымдық еткендер де бар.

وَلَقَدْ مَنَنَّا عَلَىٰ مُوسَىٰ وَهَـٰرُونَ ﴿١١٤﴾

37:114 Расында Мұса, Ћарұн (Ғ.С.) ға да игілік бердік.

وَنَجَّيْنَـٰهُمَا وَقَوْمَهُمَا مِنَ ٱلْكَرْبِ ٱلْعَظِيمِ ﴿١١٥﴾

37:115 Екеуін әрі елін зор апаттан құтқардық.

وَنَصَرْنَـٰهُمْ فَكَانُوا۟ هُمُ ٱلْغَـٰلِبِينَ ﴿١١٦﴾

37:116 Оларға жәрдем еттік те сонда олар, жеңіске ие болды.

وَءَاتَيْنَـٰهُمَا ٱلْكِتَـٰبَ ٱلْمُسْتَبِينَ ﴿١١٧﴾

37:117 Екеуіне түсінікті кітап бердік.

وَهَدَيْنَـٰهُمَا ٱلصِّرَٰطَ ٱلْمُسْتَقِيمَ ﴿١١٨﴾

37:118 Екеуіне тура жол көрсеттік.

وَتَرَكْنَا عَلَيْهِمَا فِى ٱلْـَٔاخِرِينَ ﴿١١٩﴾

37:119 Екеуіне, кейінгі нәсілдерде (жақсы даңқ) қалдырдық.

سَلَـٰمٌ عَلَىٰ مُوسَىٰ وَهَـٰرُونَ ﴿١٢٠﴾

37:120 Мұса және ћартн (Ғ.С.) ға сәлем.

إِنَّا كَذَٰلِكَ نَجْزِى ٱلْمُحْسِنِينَ ﴿١٢١﴾

37:121 Рас ізгі іс істегендерді өстіп сыйлыққа бөлейміз.

إِنَّهُمَا مِنْ عِبَادِنَا ٱلْمُؤْمِنِينَ ﴿١٢٢﴾

37:122 Өйткені, екеуі де сенген құлдарымыздан еді.

وَإِنَّ إِلْيَاسَ لَمِنَ ٱلْمُرْسَلِينَ ﴿١٢٣﴾

37:123 Әрине Іляс (Ғ.С.) елшілерімізден еді.

إِذْ قَالَ لِقَوْمِهِۦٓ أَلَا تَتَّقُونَ ﴿١٢٤﴾

37:124 Сол уақытта еліне: "Алладан қорықпайсыңдар ма?",- деді.

أَتَدْعُونَ بَعْلًا وَتَذَرُونَ أَحْسَنَ ٱلْخَـٰلِقِينَ ﴿١٢٥﴾

37:125 "Ерекше жаратушыны қойып, "Бағыл" атты бұтқа жалбарынасыңдар ма?"

ٱللَّهَ رَبَّكُمْ وَرَبَّ ءَابَآئِكُمُ ٱلْأَوَّلِينَ ﴿١٢٦﴾

37:126 "Алла, сендердің де бұрынгы аталарыңның да Раббы!"

فَكَذَّبُوهُ فَإِنَّهُمْ لَمُحْضَرُونَ ﴿١٢٧﴾

37:127 Сонда елі оны жасынға шығарды. Рас олар, жазаға келтіріледі.

إِلَّا عِبَادَ ٱللَّهِ ٱلْمُخْلَصِينَ ﴿١٢٨﴾

37:128 Бірақ Алланың ықыласты құлдары басқа.

وَتَرَكْنَا عَلَيْهِ فِى ٱلْـَٔاخِرِينَ ﴿١٢٩﴾

37:129 Кейінгі нәсілдерге оған (жақсы даңқ) қалдырдық:

سَلَـٰمٌ عَلَىٰٓ إِلْ يَاسِينَ ﴿١٣٠﴾

37:130 "Іляс (Ғ.С.) қа сәлем."

إِنَّا كَذَٰلِكَ نَجْزِى ٱلْمُحْسِنِينَ ﴿١٣١﴾

37:131 Рас Біз, ізгі іс істегендерді осылайша сыйлыққа бөлейміз.

إِنَّهُۥ مِنْ عِبَادِنَا ٱلْمُؤْمِنِينَ ﴿١٣٢﴾

37:132 Өйткені, ол сенімді құлдарымыздан еді.

وَإِنَّ لُوطًا لَّمِنَ ٱلْمُرْسَلِينَ ﴿١٣٣﴾

37:133 Күдіксіз Лұт (Ғ.С.) елшілерден еді.

إِذْ نَجَّيْنَـٰهُ وَأَهْلَهُۥٓ أَجْمَعِينَ ﴿١٣٤﴾

37:134 Сол уақытта оны да семьясын да түгел құтқардық:

إِلَّا عَجُوزًا فِى ٱلْغَـٰبِرِينَ ﴿١٣٥﴾

37:135 Бірақ қалғандардың ішіндегі бір кемпірден басқа.

ثُمَّ دَمَّرْنَا ٱلْـَٔاخَرِينَ ﴿١٣٦﴾

37:136 Сосын өзгелерін жоқ еттік.

وَإِنَّكُمْ لَتَمُرُّونَ عَلَيْهِم مُّصْبِحِينَ ﴿١٣٧﴾

37:137 Әрине тәңертең, олардан өтіп жүресіңдер.

وَبِٱلَّيْلِ ۗ أَفَلَا تَعْقِلُونَ ﴿١٣٨﴾

37:138 Әрі түнде де. Сонда да түсінбейсіңдер ме?

وَإِنَّ يُونُسَ لَمِنَ ٱلْمُرْسَلِينَ ﴿١٣٩﴾

37:139 Күдіксіз Юныс (Ғ.С.) елшілерден еді.

إِذْ أَبَقَ إِلَى ٱلْفُلْكِ ٱلْمَشْحُونِ ﴿١٤٠﴾

37:140 Күдіксіз Юныс (Ғ.С.) елшілерден еді. ( Сол уақытта ол, толы кемеге қашқан еді. (Еліне кейіп, кемеге барып түскенде; кеме ауырлап, жүре алмай, шар салғанда соған шығады. Б.Ж.М.)

فَسَاهَمَ فَكَانَ مِنَ ٱلْمُدْحَضِينَ ﴿١٤١﴾

37:141 Шар салғанда ол, жеңіліске ұшырады. (Қарғып теңізге түсті.)

فَٱلْتَقَمَهُ ٱلْحُوتُ وَهُوَ مُلِيمٌ ﴿١٤٢﴾

37:142 Сонда оны балық жұтты. Ол, айыпталған еді.

فَلَوْلَآ أَنَّهُۥ كَانَ مِنَ ٱلْمُسَبِّحِينَ ﴿١٤٣﴾

37:143 Егер ол, Алланы рас дәріптеушілерден болмаса еді:

لَلَبِثَ فِى بَطْنِهِۦٓ إِلَىٰ يَوْمِ يُبْعَثُونَ ﴿١٤٤﴾

37:144 Әрине қайта тірілетін күнге дейін балықтың қарнында қалған болар еді.

۞ فَنَبَذْنَـٰهُ بِٱلْعَرَآءِ وَهُوَ سَقِيمٌ ﴿١٤٥﴾

37:145 Сонда оны қырға шығарып, тастадық. Ол науқас еді.

وَأَنۢبَتْنَا عَلَيْهِ شَجَرَةً مِّن يَقْطِينٍ ﴿١٤٦﴾

37:146 Оның үстіне жапырақты бір ағаш өсірдік.

وَأَرْسَلْنَـٰهُ إِلَىٰ مِا۟ئَةِ أَلْفٍ أَوْ يَزِيدُونَ ﴿١٤٧﴾

37:147 Оны жүз мың не тағы артығырақ елге жіберген едік.

فَـَٔامَنُوا۟ فَمَتَّعْنَـٰهُمْ إِلَىٰ حِينٍ ﴿١٤٨﴾

37:148 Сонда олар иман келтірді де бір мерзімге дейін пайдаландырдық.

فَٱسْتَفْتِهِمْ أَلِرَبِّكَ ٱلْبَنَاتُ وَلَهُمُ ٱلْبَنُونَ ﴿١٤٩﴾

37:149 Енді олардан сұра: "Қыздар Раббыларынікі де, ұлдар олардікі ме?

أَمْ خَلَقْنَا ٱلْمَلَـٰٓئِكَةَ إِنَـٰثًا وَهُمْ شَـٰهِدُونَ ﴿١٥٠﴾

37:150 Немесе періштелерді ұрғашы жаратқанымызға олар куә ме?

أَلَآ إِنَّهُم مِّنْ إِفْكِهِمْ لَيَقُولُونَ ﴿١٥١﴾

37:151 Сақ болыңдар! Олар жалғандарын айта береді:

وَلَدَ ٱللَّهُ وَإِنَّهُمْ لَكَـٰذِبُونَ ﴿١٥٢﴾

37:152 "Алланың баласы бар" деп, олар мүлде өтірік айтады.

أَصْطَفَى ٱلْبَنَاتِ عَلَى ٱلْبَنِينَ ﴿١٥٣﴾

37:153 Алла ұлдардан көрі қыздарды артық көре ме?

مَا لَكُمْ كَيْفَ تَحْكُمُونَ ﴿١٥٤﴾

37:154 Сендерге не болды? Қалай шешім етесіңдер?

أَفَلَا تَذَكَّرُونَ ﴿١٥٥﴾

37:155 Түсінбейсіқдер ме?

أَمْ لَكُمْ سُلْطَـٰنٌ مُّبِينٌ ﴿١٥٦﴾

37:156 Немесе сендердің ашық бір дәлелдерің бар ма?

فَأْتُوا۟ بِكِتَـٰبِكُمْ إِن كُنتُمْ صَـٰدِقِينَ ﴿١٥٧﴾

37:157 Шыншыл болсаңдар кітаптарыңды әкеліңдер.

وَجَعَلُوا۟ بَيْنَهُۥ وَبَيْنَ ٱلْجِنَّةِ نَسَبًا ۚ وَلَقَدْ عَلِمَتِ ٱلْجِنَّةُ إِنَّهُمْ لَمُحْضَرُونَ ﴿١٥٨﴾

37:158 Олар Алла мен періштелер (Б.Ж.М.К.Р.) арасында ұрпақтық байланыс ұйғарды. Расында періштелер; олардың Алланың алдына келтірілетінін біледі. (Немесе Алла мен жын арасында жег-жаттық ұйгарды.)

سُبْحَـٰنَ ٱللَّهِ عَمَّا يَصِفُونَ ﴿١٥٩﴾

37:159 Алла (Т.) олардың сипаттауларынан пәк.

إِلَّا عِبَادَ ٱللَّهِ ٱلْمُخْلَصِينَ ﴿١٦٠﴾

37:160 Бірақ Алланың нағыз құлдары өйтіп сипаттамайды.

فَإِنَّكُمْ وَمَا تَعْبُدُونَ ﴿١٦١﴾

37:161 Сонда сендер де табынған нәрселерің де, (бірлесіп;)

مَآ أَنتُمْ عَلَيْهِ بِفَـٰتِنِينَ ﴿١٦٢﴾

37:162 Сендер Аллаға қарсы бұзақылық шығара алмайсыңдар.

إِلَّا مَنْ هُوَ صَالِ ٱلْجَحِيمِ ﴿١٦٣﴾

37:163 Бірақ кім тозаққа түсетін болса, ол басқа.

وَمَا مِنَّآ إِلَّا لَهُۥ مَقَامٌ مَّعْلُومٌ ﴿١٦٤﴾

37:164 "Бізден орны белгіленбеген ешкім жоқ."

وَإِنَّا لَنَحْنُ ٱلصَّآفُّونَ ﴿١٦٥﴾

37:165 "Шын мәнінде біздер қатарланып тұрушыларданбыз."

وَإِنَّا لَنَحْنُ ٱلْمُسَبِّحُونَ ﴿١٦٦﴾

37:166 "Әрине Алланы дәріптеушілерденбіз."

وَإِن كَانُوا۟ لَيَقُولُونَ ﴿١٦٧﴾

37:167 Олар былай дейтін еді:

لَوْ أَنَّ عِندَنَا ذِكْرًا مِّنَ ٱلْأَوَّلِينَ ﴿١٦٨﴾

37:168 "Егер бізде бұрынғыларға түсірілген үгіт болса еді,"

لَكُنَّا عِبَادَ ٱللَّهِ ٱلْمُخْلَصِينَ ﴿١٦٩﴾

37:169 "Әлбетте Алланың ықыласты құлдарынан болар едік."

فَكَفَرُوا۟ بِهِۦ ۖ فَسَوْفَ يَعْلَمُونَ ﴿١٧٠﴾

37:170 Сонда олар, келген Кітапқа дереу қарсы шықты. Жақында (нәтижені) біледі.

وَلَقَدْ سَبَقَتْ كَلِمَتُنَا لِعِبَادِنَا ٱلْمُرْسَلِينَ ﴿١٧١﴾

37:171 Расында елші құлдарымызға сөзіміз бұрын бекіген болатын:

إِنَّهُمْ لَهُمُ ٱلْمَنصُورُونَ ﴿١٧٢﴾

37:172 "Сөз жоқ, оларға жәрдем болады."

وَإِنَّ جُندَنَا لَهُمُ ٱلْغَـٰلِبُونَ ﴿١٧٣﴾

37:173 "Сөзсіз жеңіске ие болатын біздің әскер."

فَتَوَلَّ عَنْهُمْ حَتَّىٰ حِينٍ ﴿١٧٤﴾

37:174 (Мұхаммед Ғ.С.) сонда олардан бір мезгілге дейін бет бұра тұр.

وَأَبْصِرْهُمْ فَسَوْفَ يُبْصِرُونَ ﴿١٧٥﴾

37:175 Оларды көре тұр, олар да жақында көреді.

أَفَبِعَذَابِنَا يَسْتَعْجِلُونَ ﴿١٧٦﴾

37:176 Олар азабымыздың жедел келуін қалай ма?

فَإِذَا نَزَلَ بِسَاحَتِهِمْ فَسَآءَ صَبَاحُ ٱلْمُنذَرِينَ ﴿١٧٧﴾

37:177 Қораларына (азап) түскен кезде, ескерту берілгендердің таңы нендей жаман.

وَتَوَلَّ عَنْهُمْ حَتَّىٰ حِينٍ ﴿١٧٨﴾

37:178 Сонда олардан бір уаққа дейін аулақ бол.

وَأَبْصِرْ فَسَوْفَ يُبْصِرُونَ ﴿١٧٩﴾

37:179 Тағы оларды байқай тұр. Жақында олар көреді.

سُبْحَـٰنَ رَبِّكَ رَبِّ ٱلْعِزَّةِ عَمَّا يَصِفُونَ ﴿١٨٠﴾

37:180 Қастерлі Раббың олардың сипаттағандарынан пәк.

وَسَلَـٰمٌ عَلَى ٱلْمُرْسَلِينَ ﴿١٨١﴾

37:181 Елшілерге сәлем!

وَٱلْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ ٱلْعَـٰلَمِينَ ﴿١٨٢﴾

37:182 Барлық мақтау бұкіл әлемнің Раббы, Алла (Т.) ға лайық.

Do you really know Surah As-Saffat by heart?

A short test shows exactly where you slip. No sign-up, free.

Start the test

Hear Surah As-Saffat from all 90 reciters →