بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَـٰنِ ٱلرَّحِيمِ
ٱقْتَرَبَتِ ٱلسَّاعَةُ وَٱنشَقَّ ٱلْقَمَرُ ﴿١﴾
54:1 Қиямет жақындады, ай жарылды.
وَإِن يَرَوْا۟ ءَايَةً يُعْرِضُوا۟ وَيَقُولُوا۟ سِحْرٌ مُّسْتَمِرٌّ ﴿٢﴾
54:2 Олар бір мұғжиза көрсе бет бұрады да: "Жалғасты түрдегі бір сиқыр" дейді.
وَكَذَّبُوا۟ وَٱتَّبَعُوٓا۟ أَهْوَآءَهُمْ ۚ وَكُلُّ أَمْرٍ مُّسْتَقِرٌّ ﴿٣﴾
54:3 Олар жасынға шығарып, әуестеріне ерді. Негізінде әр істің бір тұрағы бар.
وَلَقَدْ جَآءَهُم مِّنَ ٱلْأَنۢبَآءِ مَا فِيهِ مُزْدَجَرٌ ﴿٤﴾
54:4 Расында оларға секем аларлық хабар келіп болды.
حِكْمَةٌۢ بَـٰلِغَةٌ ۖ فَمَا تُغْنِ ٱلنُّذُرُ ﴿٥﴾
54:5 Жеткілікті хикмет бар. Сонда да ескертулер пайда бермес.
فَتَوَلَّ عَنْهُمْ ۘ يَوْمَ يَدْعُ ٱلدَّاعِ إِلَىٰ شَىْءٍ نُّكُرٍ ﴿٦﴾
54:6 (Мұхаммед Ғ.С.) ендеше, олардан бет бұр. Бір күні шақырушы жаман іске шақырады.
خُشَّعًا أَبْصَـٰرُهُمْ يَخْرُجُونَ مِنَ ٱلْأَجْدَاثِ كَأَنَّهُمْ جَرَادٌ مُّنتَشِرٌ ﴿٧﴾
54:7 Олар, қабырларынан көздерін сүлмейтіп, таралған шекіртке құсап шығады.
مُّهْطِعِينَ إِلَى ٱلدَّاعِ ۖ يَقُولُ ٱلْكَـٰفِرُونَ هَـٰذَا يَوْمٌ عَسِرٌ ﴿٨﴾
54:8 Шақырушы жаққа жүгірген кәпірлер: "Бұл ауыр күн" дейді.
۞ كَذَّبَتْ قَبْلَهُمْ قَوْمُ نُوحٍ فَكَذَّبُوا۟ عَبْدَنَا وَقَالُوا۟ مَجْنُونٌ وَٱزْدُجِرَ ﴿٩﴾
54:9 Олардан бұрын Нұх (Ғ.С.) тың қауымы да өтірік деген. Құлымызды жасынға шығарып: "Жынды" деген, әрі жебірленген еді.
فَدَعَا رَبَّهُۥٓ أَنِّى مَغْلُوبٌ فَٱنتَصِرْ ﴿١٠﴾
54:10 Сонда ол, Раббына: "Күдіксіз мен жеңілдім, маған нұсрат бер" деп, жалбарынған.
فَفَتَحْنَآ أَبْوَٰبَ ٱلسَّمَآءِ بِمَآءٍ مُّنْهَمِرٍ ﴿١١﴾
54:11 Сондықтан көктің есігін құйылған жаңбырмен аштық.
وَفَجَّرْنَا ٱلْأَرْضَ عُيُونًا فَٱلْتَقَى ٱلْمَآءُ عَلَىٰٓ أَمْرٍ قَدْ قُدِرَ ﴿١٢﴾
54:12 Жерді жарып, қайнарлар шығардық. Сонда су өлшеулі әмір бойынша қосылды.
وَحَمَلْنَـٰهُ عَلَىٰ ذَاتِ أَلْوَٰحٍ وَدُسُرٍ ﴿١٣﴾
54:13 Оны (Нұхты) шегеленген тақтайлы кемеге орналастырдық.
تَجْرِى بِأَعْيُنِنَا جَزَآءً لِّمَن كَانَ كُفِرَ ﴿١٤﴾
54:14 Қарсы келгендерге жаза түрінде Нұх (Ғ.С.) тың кемесі көз алдымызда жүріп бара жатты.
وَلَقَد تَّرَكْنَـٰهَآ ءَايَةً فَهَلْ مِن مُّدَّكِرٍ ﴿١٥﴾
54:15 Расында оны ғибрат қып қалдырдық. Сонда түсінуші бар ма?
فَكَيْفَ كَانَ عَذَابِى وَنُذُرِ ﴿١٦﴾
54:16 Азабым, ескертуім қалай екен?
وَلَقَدْ يَسَّرْنَا ٱلْقُرْءَانَ لِلذِّكْرِ فَهَلْ مِن مُّدَّكِرٍ ﴿١٧﴾
54:17 Расында Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Ал сонда түсінуші бар ма?
كَذَّبَتْ عَادٌ فَكَيْفَ كَانَ عَذَابِى وَنُذُرِ ﴿١٨﴾
54:18 Ғад елі де жасынға айналдырған. Азабым ескертуім қалай екен?
إِنَّآ أَرْسَلْنَا عَلَيْهِمْ رِيحًا صَرْصَرًا فِى يَوْمِ نَحْسٍ مُّسْتَمِرٍّ ﴿١٩﴾
54:19 Өйткені, оларға сәтсіз күнде; үздіксіз куілдеген боран жібердік.
تَنزِعُ ٱلنَّاسَ كَأَنَّهُمْ أَعْجَازُ نَخْلٍ مُّنقَعِرٍ ﴿٢٠﴾
54:20 Адамдарды түбінен қопарылған құрманың ағашындай жұлып, әкететін еді.
فَكَيْفَ كَانَ عَذَابِى وَنُذُرِ ﴿٢١﴾
54:21 Азабым, ескертуім қалай екен?
وَلَقَدْ يَسَّرْنَا ٱلْقُرْءَانَ لِلذِّكْرِ فَهَلْ مِن مُّدَّكِرٍ ﴿٢٢﴾
54:22 Расында Құранды насихат үшін қолайлы қылдық. Қане, сонда түсінуші бар ма?
كَذَّبَتْ ثَمُودُ بِٱلنُّذُرِ ﴿٢٣﴾
54:23 Сәмұд елі ескертушіні жасынға айналдырды:
فَقَالُوٓا۟ أَبَشَرًا مِّنَّا وَٰحِدًا نَّتَّبِعُهُۥٓ إِنَّآ إِذًا لَّفِى ضَلَـٰلٍ وَسُعُرٍ ﴿٢٤﴾
54:24 "Өзімізден бір адамға ерейік бе? Әрине ол уақытта біз адасуда әрі есі алаң боламыз" деді.
أَءُلْقِىَ ٱلذِّكْرُ عَلَيْهِ مِنۢ بَيْنِنَا بَلْ هُوَ كَذَّابٌ أَشِرٌ ﴿٢٥﴾
54:25 "Арамыздан үгіт оған түсірілді ме? Жоқ, ол, мүлде өтірікші, өзімшіл" деді.
سَيَعْلَمُونَ غَدًا مَّنِ ٱلْكَذَّابُ ٱلْأَشِرُ ﴿٢٦﴾
54:26 Олар ертең-ақ кімнің барып тұрған суайт, құж екенін біледі.
إِنَّا مُرْسِلُوا۟ ٱلنَّاقَةِ فِتْنَةً لَّهُمْ فَٱرْتَقِبْهُمْ وَٱصْطَبِرْ ﴿٢٧﴾
54:27 Расында аруананы оларға сын үшін жібердік. Сондықтан оларды байқа, сабыр ет. (Әй Салих, делінді.)
وَنَبِّئْهُمْ أَنَّ ٱلْمَآءَ قِسْمَةٌۢ بَيْنَهُمْ ۖ كُلُّ شِرْبٍ مُّحْتَضَرٌ ﴿٢٨﴾
54:28 Оларға: "Су араларында кезекті; әркім ішу кезегінде әзір болсын" деп түсіндір. (Құдықтың суын бір күн түйе, бір күн ел ішеді. Б.Ж.М.Р.)
فَنَادَوْا۟ صَاحِبَهُمْ فَتَعَاطَىٰ فَعَقَرَ ﴿٢٩﴾
54:29 Сонда олар жолдастарын шақырды да сонда ол, қылышын алып, түйені өлтірді.
فَكَيْفَ كَانَ عَذَابِى وَنُذُرِ ﴿٣٠﴾
54:30 Сонда азабым, ескертуім қалай екен?
إِنَّآ أَرْسَلْنَا عَلَيْهِمْ صَيْحَةً وَٰحِدَةً فَكَانُوا۟ كَهَشِيمِ ٱلْمُحْتَظِرِ ﴿٣١﴾
54:31 Дұрысында оларға бір қатты дауыс жібердік те олар шарбақ қораның ұматылған қу жапырағындай болды.
وَلَقَدْ يَسَّرْنَا ٱلْقُرْءَانَ لِلذِّكْرِ فَهَلْ مِن مُّدَّكِرٍ ﴿٣٢﴾
54:32 Шүбәсыз Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Қане сонда түсінуші бар ма?
كَذَّبَتْ قَوْمُ لُوطٍۭ بِٱلنُّذُرِ ﴿٣٣﴾
54:33 Лұт елі де ескертуді жасынға айналдырған.
إِنَّآ أَرْسَلْنَا عَلَيْهِمْ حَاصِبًا إِلَّآ ءَالَ لُوطٍ ۖ نَّجَّيْنَـٰهُم بِسَحَرٍ ﴿٣٤﴾
54:34 Дұрысында оларға тас жаудырған боран жібердік. Бірақ Лұт (Ғ.С.) тың семьясын таңменен құтқардық. (С. 33-А.)
نِّعْمَةً مِّنْ عِندِنَا ۚ كَذَٰلِكَ نَجْزِى مَن شَكَرَ ﴿٣٥﴾
54:35 Бізден бір нығметке бөленеді. Осылайша кім шүкірлік етсе, сыйлық береміз.
وَلَقَدْ أَنذَرَهُم بَطْشَتَنَا فَتَمَارَوْا۟ بِٱلنُّذُرِ ﴿٣٦﴾
54:36 Расында (Лұт Ғ.С.) оларға, апатымызды ескертті. Дегенмен олар, ескертуге күмәнмен қарады.
وَلَقَدْ رَٰوَدُوهُ عَن ضَيْفِهِۦ فَطَمَسْنَآ أَعْيُنَهُمْ فَذُوقُوا۟ عَذَابِى وَنُذُرِ ﴿٣٧﴾
54:37 Расында олар Лұт (Ғ.С.) тың қонақтарынан дәме қылды. Сондықтан олардың көздерін соқыр қылдық: "Ал азабымды, ескертуімді татыңдар."
وَلَقَدْ صَبَّحَهُم بُكْرَةً عَذَابٌ مُّسْتَقِرٌّ ﴿٣٨﴾
54:38 Расында оларға тәңертең ерте бір азап келді.
فَذُوقُوا۟ عَذَابِى وَنُذُرِ ﴿٣٩﴾
54:39 "Ал азабым, ескертуім қалай екен?"
وَلَقَدْ يَسَّرْنَا ٱلْقُرْءَانَ لِلذِّكْرِ فَهَلْ مِن مُّدَّكِرٍ ﴿٤٠﴾
54:40 Әрине Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Қане түсінуші бар ма?
وَلَقَدْ جَآءَ ءَالَ فِرْعَوْنَ ٱلنُّذُرُ ﴿٤١﴾
54:41 Расында Перғауындықтарға да ескертуші келген еді.
كَذَّبُوا۟ بِـَٔايَـٰتِنَا كُلِّهَا فَأَخَذْنَـٰهُمْ أَخْذَ عَزِيزٍ مُّقْتَدِرٍ ﴿٤٢﴾
54:42 Олар мұғжизаларымыздың бәрін жасынға айналдырды. Сондыктан оларды өте күшті қолға алумен қолға алдық.
أَكُفَّارُكُمْ خَيْرٌ مِّنْ أُو۟لَـٰٓئِكُمْ أَمْ لَكُم بَرَآءَةٌ فِى ٱلزُّبُرِ ﴿٤٣﴾
54:43 Сендердің қасарысуларың олардан артық па? Немесе сендер үшін кітаптарда бір ақтама бар ма?
أَمْ يَقُولُونَ نَحْنُ جَمِيعٌ مُّنتَصِرٌ ﴿٤٤﴾
54:44 Не олар: "Біз өш алушы бір топпыз" дей ме?
سَيُهْزَمُ ٱلْجَمْعُ وَيُوَلُّونَ ٱلدُّبُرَ ﴿٤٥﴾
54:45 Ол топ, таяуда жеңіліске ұшырап, арттарына бұрылып қашады.
بَلِ ٱلسَّاعَةُ مَوْعِدُهُمْ وَٱلسَّاعَةُ أَدْهَىٰ وَأَمَرُّ ﴿٤٦﴾
54:46 Әлбетте оларға уәде етілген қиямет, ол; үрейлі, тым ащы бір мезгіл.
إِنَّ ٱلْمُجْرِمِينَ فِى ضَلَـٰلٍ وَسُعُرٍ ﴿٤٧﴾
54:47 Шәксіз күнәкарлар, адасуда және құтыруда.
يَوْمَ يُسْحَبُونَ فِى ٱلنَّارِ عَلَىٰ وُجُوهِهِمْ ذُوقُوا۟ مَسَّ سَقَرَ ﴿٤٨﴾
54:48 Ол күні, олар, тозақта етпетінен сұйреледі: "Тозақтың азабын татыңдар" (делінеді.)
إِنَّا كُلَّ شَىْءٍ خَلَقْنَـٰهُ بِقَدَرٍ ﴿٤٩﴾
54:49 Шын мәнінде әр нәрсені бір өлшеумен жараттық.
وَمَآ أَمْرُنَآ إِلَّا وَٰحِدَةٌ كَلَمْحٍۭ بِٱلْبَصَرِ ﴿٥٠﴾
54:50 Әміріміз бір-ақ қас қаққандай.
وَلَقَدْ أَهْلَكْنَآ أَشْيَاعَكُمْ فَهَلْ مِن مُّدَّكِرٍ ﴿٥١﴾
54:51 Расында сендер сияқтыларды жоқ еткен едік. Ал сонда түсінуші бар ма?
وَكُلُّ شَىْءٍ فَعَلُوهُ فِى ٱلزُّبُرِ ﴿٥٢﴾
54:52 Олар істеген әр нәрсе дәптерде бекітілген.
وَكُلُّ صَغِيرٍ وَكَبِيرٍ مُّسْتَطَرٌ ﴿٥٣﴾
54:53 Үлкен-кіші әр нәрсе жазулы.
إِنَّ ٱلْمُتَّقِينَ فِى جَنَّـٰتٍ وَنَهَرٍ ﴿٥٤﴾
54:54 Күдіксіз тақуалар, бейіштердегі өзен жағасында.
فِى مَقْعَدِ صِدْقٍ عِندَ مَلِيكٍ مُّقْتَدِرٍۭ ﴿٥٥﴾
54:55 Ықпалды үкім иесінің хұзырындағы қалаған орнында.