بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَـٰنِ ٱلرَّحِيمِ
ٱقْرَأْ بِٱسْمِ رَبِّكَ ٱلَّذِى خَلَقَ ﴿١﴾
96:1 Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы!
خَلَقَ ٱلْإِنسَـٰنَ مِنْ عَلَقٍ ﴿٢﴾
96:2 Ол,адам баласын ұйыған қаннан жаратқан.
ٱقْرَأْ وَرَبُّكَ ٱلْأَكْرَمُ ﴿٣﴾
96:3 Оқы!Ол Раббың аса ардақты.
ٱلَّذِى عَلَّمَ بِٱلْقَلَمِ ﴿٤﴾
96:4 Сондай қаламмен үйреткен.
عَلَّمَ ٱلْإِنسَـٰنَ مَا لَمْ يَعْلَمْ ﴿٥﴾
96:5 Ол,адамзатқа білмеген нәрселерін үйреткен.
كَلَّآ إِنَّ ٱلْإِنسَـٰنَ لَيَطْغَىٰٓ ﴿٦﴾
96:6 Сөз жоқ,адам баласы әрине азады;
أَن رَّءَاهُ ٱسْتَغْنَىٰٓ ﴿٧﴾
96:7 Ол,өзін мұңсыз көргендіктен.
إِنَّ إِلَىٰ رَبِّكَ ٱلرُّجْعَىٰٓ ﴿٨﴾
96:8 Шын мәнінде қайту Раббың жақ.
أَرَءَيْتَ ٱلَّذِى يَنْهَىٰ ﴿٩﴾
96:9 Көрдің бе,сондай тыйым салғанды;
عَبْدًا إِذَا صَلَّىٰٓ ﴿١٠﴾
96:10 Бір құл намаз оқыған сәтте.(Әбу Жаһіл: «Мұхаммед намаз оқыса,басын мылжалаймын» деген екен.Б.Ж.К.М.Р)
أَرَءَيْتَ إِن كَانَ عَلَى ٱلْهُدَىٰٓ ﴿١١﴾
96:11 Көрдің бе?Егер ол (Мұхаммед Ғ.С) тура жолда болса да,
أَوْ أَمَرَ بِٱلتَّقْوَىٰٓ ﴿١٢﴾
96:12 Немесе тақуалықты бұйырған болса да.
أَرَءَيْتَ إِن كَذَّبَ وَتَوَلَّىٰٓ ﴿١٣﴾
96:13 Көрдің бе,егер ол (адам,хақты) өтіріксініп,бет бұрған болса?
أَلَمْ يَعْلَم بِأَنَّ ٱللَّهَ يَرَىٰ ﴿١٤﴾
96:14 Негізінен Алланың көріп тұрғанын білмез ме?
كَلَّا لَئِن لَّمْ يَنتَهِ لَنَسْفَعًۢا بِٱلنَّاصِيَةِ ﴿١٥﴾
96:15 Жоқ,егер ол,бұдан тыйылмаса,әлбетте кекілінен сүйрейміз;
نَاصِيَةٍ كَـٰذِبَةٍ خَاطِئَةٍ ﴿١٦﴾
96:16 Өтірікші,күнәкардың кекілінен.
فَلْيَدْعُ نَادِيَهُۥ ﴿١٧﴾
96:17 Сонда ол,сыбайлатарын шақырсын.
سَنَدْعُ ٱلزَّبَانِيَةَ ﴿١٨﴾
96:18 Дереу тозақтың басқарушыларын шақырамыз.
كَلَّا لَا تُطِعْهُ وَٱسْجُدْ وَٱقْتَرِب ۩ ﴿١٩﴾
96:19 Олай емес,(Мұхаммед Ғ.С) оған бағынба,Аллаға сәжде қыл,жақында!