بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَـٰنِ ٱلرَّحِيمِ
ٱلْقَارِعَةُ ﴿١﴾
101:1 Зор уақиға,
مَا ٱلْقَارِعَةُ ﴿٢﴾
101:2 Ол зор уақиға не нәрсе?
وَمَآ أَدْرَىٰكَ مَا ٱلْقَارِعَةُ ﴿٣﴾
101:3 Ол зор уақиғаның не екенін білесің бе?
يَوْمَ يَكُونُ ٱلنَّاسُ كَٱلْفَرَاشِ ٱلْمَبْثُوثِ ﴿٤﴾
101:4 Ол күні адам баласы таралған паруандай болады.(С.7-А)
وَتَكُونُ ٱلْجِبَالُ كَٱلْعِهْنِ ٱلْمَنفُوشِ ﴿٥﴾
101:5 Таулар түтілген жүндей болады.
فَأَمَّا مَن ثَقُلَتْ مَوَٰزِينُهُۥ ﴿٦﴾
101:6 Міне сонда біреудің таразысы ауыр тартса,
فَهُوَ فِى عِيشَةٍ رَّاضِيَةٍ ﴿٧﴾
101:7 Онда ол,разы болатын бір тіршілікте болады.
وَأَمَّا مَنْ خَفَّتْ مَوَٰزِينُهُۥ ﴿٨﴾
101:8 Ал енді біреудің таразысы жеңіл тартса,
فَأُمُّهُۥ هَاوِيَةٌ ﴿٩﴾
101:9 Онда оның орны «һауя» болады.
وَمَآ أَدْرَىٰكَ مَا هِيَهْ ﴿١٠﴾
101:10 Ол һауяның не екенін білесің бе?
نَارٌ حَامِيَةٌۢ ﴿١١﴾
101:11 Ол,жалындаған от.