بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَـٰنِ ٱلرَّحِيمِ
لَآ أُقْسِمُ بِهَـٰذَا ٱلْبَلَدِ ﴿١﴾
90:1 Жоқ,осы(Мекке) қаласына ант етемін;
وَأَنتَ حِلٌّۢ بِهَـٰذَا ٱلْبَلَدِ ﴿٢﴾
90:2 (Мұхаммед Ғ.С) сен осы қалада отырасың.
وَوَالِدٍ وَمَا وَلَدَ ﴿٣﴾
90:3 Әкеге,балаға (Адам Ғ.С мен балаларына) серт!
لَقَدْ خَلَقْنَا ٱلْإِنسَـٰنَ فِى كَبَدٍ ﴿٤﴾
90:4 Расында адамзатты әбігер жараттық.
أَيَحْسَبُ أَن لَّن يَقْدِرَ عَلَيْهِ أَحَدٌ ﴿٥﴾
90:5 Өзіне біреудің күші жетпейді деп ойлай ма?
يَقُولُ أَهْلَكْتُ مَالًا لُّبَدًا ﴿٦﴾
90:6 «Толып жатқан мал ысырап еттім» дейді.
أَيَحْسَبُ أَن لَّمْ يَرَهُۥٓ أَحَدٌ ﴿٧﴾
90:7 Оны біреу көрмеді дей ойлай ма?
أَلَمْ نَجْعَل لَّهُۥ عَيْنَيْنِ ﴿٨﴾
90:8 Оған екі көз жаратпадық па?
وَلِسَانًا وَشَفَتَيْنِ ﴿٩﴾
90:9 Әрі бір тіл,екі ерін ?
وَهَدَيْنَـٰهُ ٱلنَّجْدَيْنِ ﴿١٠﴾
90:10 Оған екі жол көрсетпедік пе?
فَلَا ٱقْتَحَمَ ٱلْعَقَبَةَ ﴿١١﴾
90:11 Сонда ол,кедергіні асуға тырыспады.
وَمَآ أَدْرَىٰكَ مَا ٱلْعَقَبَةُ ﴿١٢﴾
90:12 Кедергінің не екенін қайдан білесің?
فَكُّ رَقَبَةٍ ﴿١٣﴾
90:13 Ол;құл азат ету,
أَوْ إِطْعَـٰمٌ فِى يَوْمٍ ذِى مَسْغَبَةٍ ﴿١٤﴾
90:14 Немесе ашаршылық күнде тамақтандыру;
يَتِيمًا ذَا مَقْرَبَةٍ ﴿١٥﴾
90:15 Жақындағы болған бір жетімді,
أَوْ مِسْكِينًا ذَا مَتْرَبَةٍ ﴿١٦﴾
90:16 Немесе шаң топырақтағы сорлыны.
ثُمَّ كَانَ مِنَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَتَوَاصَوْا۟ بِٱلصَّبْرِ وَتَوَاصَوْا۟ بِٱلْمَرْحَمَةِ ﴿١٧﴾
90:17 Сосын иман келтіріп,бір-біріне сабыр меңзегендерден және өзара мейірімділік кеңесін бергендерден болу.
أُو۟لَـٰٓئِكَ أَصْحَـٰبُ ٱلْمَيْمَنَةِ ﴿١٨﴾
90:18 Міне осылар; оңшылдар.
وَٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ بِـَٔايَـٰتِنَا هُمْ أَصْحَـٰبُ ٱلْمَشْـَٔمَةِ ﴿١٩﴾
90:19 Сондай аяттарымызға қарсы шыққандар,олар; солшылдар.
عَلَيْهِمْ نَارٌ مُّؤْصَدَةٌۢ ﴿٢٠﴾
90:20 Олар тозаққа қамалады.