بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَـٰنِ ٱلرَّحِيمِ
وَٱلسَّمَآءِ وَٱلطَّارِقِ ﴿١﴾
86:1 Аспанға,Тарыққа серт.
وَمَآ أَدْرَىٰكَ مَا ٱلطَّارِقُ ﴿٢﴾
86:2 (Мұхаммед Ғ.С) Тарық не екенін қайдан білесің?
ٱلنَّجْمُ ٱلثَّاقِبُ ﴿٣﴾
86:3 Ол,жарқыраған жұлдыз.
إِن كُلُّ نَفْسٍ لَّمَّا عَلَيْهَا حَافِظٌ ﴿٤﴾
86:4 Әркімнің үстінде бір бақылаушы бар. (.56А.)
فَلْيَنظُرِ ٱلْإِنسَـٰنُ مِمَّ خُلِقَ ﴿٥﴾
86:5 Ал енді адамзат неменеден жаратылғанына бір қарасын;
خُلِقَ مِن مَّآءٍ دَافِقٍ ﴿٦﴾
86:6 Бір атылып шыққан судан жаратылған.
يَخْرُجُ مِنۢ بَيْنِ ٱلصُّلْبِ وَٱلتَّرَآئِبِ ﴿٧﴾
86:7 Ол,бел сүйек пен кеуде сүйектің арасынан шығады.
إِنَّهُۥ عَلَىٰ رَجْعِهِۦ لَقَادِرٌ ﴿٨﴾
86:8 Сөз жоқ. Алла адамзатты қайта тірілту күшіне ие.
يَوْمَ تُبْلَى ٱلسَّرَآئِرُ ﴿٩﴾
86:9 Сол күні сырлар ашылады.
فَمَا لَهُۥ مِن قُوَّةٍ وَلَا نَاصِرٍ ﴿١٠﴾
86:10 (Ол күні) адам баласына күш те көмекші де болмайды.
وَٱلسَّمَآءِ ذَاتِ ٱلرَّجْعِ ﴿١١﴾
86:11 Қайталай жаңбырлатқан аспанға серт.
وَٱلْأَرْضِ ذَاتِ ٱلصَّدْعِ ﴿١٢﴾
86:12 Жаралып өсімдік шығаратын жерге серт.
إِنَّهُۥ لَقَوْلٌ فَصْلٌ ﴿١٣﴾
86:13 Негізінен Құран бір билік сөз.
وَمَا هُوَ بِٱلْهَزْلِ ﴿١٤﴾
86:14 Ол,бір сықақ емес.
إِنَّهُمْ يَكِيدُونَ كَيْدًا ﴿١٥﴾
86:15 Шын мәнінде олар бір сығандық істеуде.
وَأَكِيدُ كَيْدًا ﴿١٦﴾
86:16 Сығандығына шара көремін.
فَمَهِّلِ ٱلْكَـٰفِرِينَ أَمْهِلْهُمْ رُوَيْدًۢا ﴿١٧﴾
86:17 (Мұхаммед Ғ.С) қарсы келушілерге мұрсат беріп,аз еркіне қой.