بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَـٰنِ ٱلرَّحِيمِ
إِذَا ٱلشَّمْسُ كُوِّرَتْ ﴿١﴾
81:1 Күн бүктелген сәтте,
وَإِذَا ٱلنُّجُومُ ٱنكَدَرَتْ ﴿٢﴾
81:2 Жұлдыздар солып шашылған сәтте,
وَإِذَا ٱلْجِبَالُ سُيِّرَتْ ﴿٣﴾
81:3 Таулар жүркізілген сәтте,
وَإِذَا ٱلْعِشَارُ عُطِّلَتْ ﴿٤﴾
81:4 Қаймал іңгендер ,иен жіберілген сәтте, (Сол күннің зардабынан бошалған түйе де естен шығады.)
وَإِذَا ٱلْوُحُوشُ حُشِرَتْ ﴿٥﴾
81:5 Жан-жануарлар жиналған сәтте,
وَإِذَا ٱلْبِحَارُ سُجِّرَتْ ﴿٦﴾
81:6 Теңіздер қайнатылған сәтте,
وَإِذَا ٱلنُّفُوسُ زُوِّجَتْ ﴿٧﴾
81:7 Жан тәнмен бірлестірілген сәтте,
وَإِذَا ٱلْمَوْءُۥدَةُ سُئِلَتْ ﴿٨﴾
81:8 Тірі көмілген қыздар сұралған сәтте,
بِأَىِّ ذَنۢبٍ قُتِلَتْ ﴿٩﴾
81:9 Қай күнәмен өлтірілді?
وَإِذَا ٱلصُّحُفُ نُشِرَتْ ﴿١٠﴾
81:10 Даптердер ашылған сәтте,
وَإِذَا ٱلسَّمَآءُ كُشِطَتْ ﴿١١﴾
81:11 Аспан ашылған сәтте,
وَإِذَا ٱلْجَحِيمُ سُعِّرَتْ ﴿١٢﴾
81:12 Тозақ қыздырыдған сәтте,
وَإِذَا ٱلْجَنَّةُ أُزْلِفَتْ ﴿١٣﴾
81:13 Ұжмақ жақындатылған сәтте;
عَلِمَتْ نَفْسٌ مَّآ أَحْضَرَتْ ﴿١٤﴾
81:14 Әркім не әзірлегенін біледі.
فَلَآ أُقْسِمُ بِٱلْخُنَّسِ ﴿١٥﴾
81:15 Жоқ,солғындаған жұлдыздарға серт,
ٱلْجَوَارِ ٱلْكُنَّسِ ﴿١٦﴾
81:16 Жүріп барып батқан жұлдыздарға ант.
وَٱلَّيْلِ إِذَا عَسْعَسَ ﴿١٧﴾
81:17 Қараңғылана бастаған түнге серт,
وَٱلصُّبْحِ إِذَا تَنَفَّسَ ﴿١٨﴾
81:18 Ағара бастаған таңға серт;
إِنَّهُۥ لَقَوْلُ رَسُولٍ كَرِيمٍ ﴿١٩﴾
81:19 (Осы нәрселерде ашық дәлелдер бар.) Негізінен Құран әрине бір ардақта Елшінің сөзі. (С.40-А)
ذِى قُوَّةٍ عِندَ ذِى ٱلْعَرْشِ مَكِينٍ ﴿٢٠﴾
81:20 Ол күшті Елші,ғаршының иесінің қасында беделді,
مُّطَاعٍ ثَمَّ أَمِينٍ ﴿٢١﴾
81:21 Ықпалды,онда сенімді. (Жебрейіл Ғ.С)
وَمَا صَاحِبُكُم بِمَجْنُونٍ ﴿٢٢﴾
81:22 Жолдастарың (Мұхаммед Ғ.С) жынды емес.
وَلَقَدْ رَءَاهُ بِٱلْأُفُقِ ٱلْمُبِينِ ﴿٢٣﴾
81:23 Расында ол,оны ашық көк жиекте көрді.(Мұхаммде Ғ.С Жебрейіл Ғ.Сды шығыс көк жиекте көрген.Б.Ж.М.)
وَمَا هُوَ عَلَى ٱلْغَيْبِ بِضَنِينٍ ﴿٢٤﴾
81:24 Мұхаммед (Ғ.С.) ғайыптан келген уахи туралы кемшілік істемеді. (Б.Ж.М.)
وَمَا هُوَ بِقَوْلِ شَيْطَـٰنٍ رَّجِيمٍ ﴿٢٥﴾
81:25 Құран,қуылған шайтанның сөзі емес.
فَأَيْنَ تَذْهَبُونَ ﴿٢٦﴾
81:26 Ендеше,Қайда кетіп бара жатырсыңдар?
إِنْ هُوَ إِلَّا ذِكْرٌ لِّلْعَـٰلَمِينَ ﴿٢٧﴾
81:27 Құран,бүкіл әлемге нәсихаттан басқа еш нәрсе емес.
لِمَن شَآءَ مِنكُمْ أَن يَسْتَقِيمَ ﴿٢٨﴾
81:28 Әрине сендерден тура жолды қалаған кісілер үшін;
وَمَا تَشَآءُونَ إِلَّآ أَن يَشَآءَ ٱللَّهُ رَبُّ ٱلْعَـٰلَمِينَ ﴿٢٩﴾
81:29 Әлемдердің Раббы Алла,қаламайынша тілеулерің жүрмейді.